«Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» 2002 жылғы 8 тамыздағы № 345 Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жазғы каникул кезеңінде балалардың тұлғалық, әлеуметтік, шығармашылық дамуы және құқық бұзушылықтардың алдын алу үшін:

1.Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі:

1)жазғы каникул кезеңінде балалардың сауықтыру демалысын, бос уақытын және жұмыспен қамтылуын, қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыруға көзделген жергілікті бюджет қаражаты, демеушілік қаражат есебінен қамтамасыз етсін;

2)облыстар, Астана және Алматы қалалары әкімдіктерінің жанындағы балаларды сауықтыру ұйымдарын пайдалануға дайындау және қабылдау жөніндегі ведомствоаралық өзара іс-қимыл комиссияларының жұмысын жалғастырсын;

3)Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қала сыртындағы балаларды сауықтыру ұйымдарының, жыл бойы жұмыс істейтін балаларды сауықтыру ұйымдарының қызметін ұйымдастыру, білікті кадрлармен қамтамасыз ету, қала сыртындағы лагерьлердің желісін кеңейту және аз шығынды демалыс ұйымдары нысандарының (шатырлы, киіз үйлі, отбасылық лагерьлер, күндізгі орталықтар, туристік жорықтар, археологиялық және өлкетану экспедициялары) үлесін арттыру жөнінде шаралар қабылдасын;

4)жетім балалардың, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған, тұрмысы төмен және көп балалы отбасылар балаларының, мүгедек балалардың, даму мүмкіндіктері шектеулі балалардың, экологиялық қолайсыз аудандарда тұратын балалардың, жалпы білім беретін мектептердің үздік оқушыларының сауықтыру демалысын басым тәртіппен жергілікті бюджет қаражаты есебінен қамтамасыз етсін;

5)жергілікті бюджет қаражаты есебінен жалпы білім беретін мектептердің, қосымша білім беру ұйымдарының жанындағы тамақтандыратын және тамақтандырмайтын күндізгі лагерьлерде балалардың бос уақытын ұйымдастырсын;

6)еңбек және демалыс лагерьлерінде, мектеп орманшылығында, абаттандыру және көгалдандыру жасақтарында Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес балалардың жұмыспен қамтылуын жүзеге асырсын;

7) балаларды сауықтыру ұйымдарының өрт қауіпсіздігін, балалардың сауықтыру демалысы, бос уақыты мен жұмыспен қамтылуы кезінде балалардың өмірі мен денсаулығының судағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдасын.

2.Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі:

1)балаларды сауықтыру ұйымдарына балаларды тасымалдау қауіпсіздігін қамтамасыз етсін;

2)балалардың жарақат алуының алдын алу және жол қозғалысының қауіпсіздігін насихаттау жөнінде профилактикалық шараларды көздесін;

3)балалар құқық бұзушылықтарының, қылмыстарының профилактикасы, балалардың панасыз және қадағалаусыз қалуының алдын алу жөнінде іс-шаралар өткізсін;

4)балаларды сауықтыру ұйымдарының өртке қарсы қауіпсіздігінің қамтамасыз етілуін бақылауды ұйымдастырсын;

5)балалардың судағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және балалардың сауықтыру демалысы орындарының өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау жөнінде профилактикалық іс-шаралар өткізуді ұйымдастырсын.

3.Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі балаларды сауықтыру ұйымдарының объектілері мен балаларды сауықтыру ұйымдарында тамақтандырудың ұйымдастырылуын, санитарлық-эпидемиологиялық бақылауды және қадағалауды қамтамасыз етсін.

4.Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі балаларға медициналық қызмет көрсету және оларды сауықтыру үшін денсаулық сақтау ұйымдарының қызметін үйлестіруді жүргізсін.

5. Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі:

1)балалардың сауықтыру демалысын, бос уақыты мен жұмыспен қамтылуын дайындау мен өткізу барысын бұқаралық ақпарат құралдарында жария етуді қамтамасыз етсін;

2) республикалық және өңірлік телевизиялық арналарда балалардың сауықтыру демалысын, бос уақыты мен жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру туралы арнайы хабарлар циклін дайындасын және трансляциялауды қамтамасыз етсін.

6.Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі 2016 – 2019 жылдарға арналған жазғы каникул кезеңінде балалардың сауықтыру демалысын, бос уақыты мен жұмыспен қамтылуын жалпы үйлестіруді және бақылауды қамтамасыз етсін және жыл сайын 10 қазанға қарай Қазақстан Республикасының Үкіметіне есеп берсін.

7.Осы өкімнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігіне жүктелсін.

gos zakup kazҰлттық білім беру деректер қорыegovbilimland logotip
 kazteleradio egov semya kaz