Наурыз мерекесіне орай "Шымырлық пен шеберлік күні" мектепке дейінгі ұйымдар арасындағы байқаудың республикалық кезеңі аяқталды. Аталған іс-шараның мақсаты: шығармашылық жұмысқа тарту және қазақ халқының мәдени мұрасымен, салт-дәстүрлерімен және ұлттық ойындарымен таныстыру арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық қабілеттерін, қызығушылықтарын, белсенділігін қалыптастыру.
"Әке көрген оқ жонар, ана көрген тон пішер" қолөнер байқауында №51 бөбекжай тәрбиеленушісі Бақыт Еркебұлан жүлделі үшінші орынға ие болды.
Республикалық байқаудың жеңімпазын құттықтаймыз және шығармашылық табыс, шабыт және жаңа жеңістер тілейміз!!!