Кіру
AA+
г. Костанай, ул. Байтурсынова 67
8 (7142) 54-30-07
8 (7142) 54-99-54
Мы приняли ваш запрос и в скором времени обработаем его! К сожалению, мы не смогли отработать ваш запрос.
Задать вопрос
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Қостанай қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі
AA+


2023 жылдың 16 наурызында Қостанай қаласы білім бөлімінің жұмыс жоспарына сәйкес №7 жббм-де  Республикалық, қалалық   ынтымақтастық   жұмыс түрі негізінде «Оқуға құштар мектеп, оқуға құштар ұлт» республикалық жоба аясында қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында жаңа бағыттағы әдіс-тәсілдерді пайдалану» тақырыбы бойынша семинар өткізілді. Онлайн форматта  Павлодар, Көкшетау, Қарағанды қалаларының қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің жас мамандары  қатысты.
Семинардың негізгі мақсаты: қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында және сыныптан тыс іс-шараларда “Оқуға құштар мектеп” жобасын енгізу және қолдану аясында педагогтердің іс-тәжірибе алмасуы.
Семинардың теориялық кезеңінде “Оқуға құштар мектебі» жобасының жетекшісі   А.А.Ибраева мектептің шығармашылық ұстаздарының жұмыс жүйесімен таныстырды. 
Заманауи интербелсенді әдістерді оқыту процесіне енгізудегі жетістіктерімен бөлісу мақсатында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің тәжірибелі ұстаздары Л.К.Ульжебаева, Р.И.Исенова, Т.Б.Абдрашева, Ш.М.Омарова панорамалық сабақтарды көрсетті.
Білім алушылардың оқуға деген құштарлығын және оқу мәдениетін көтеру үшін Г.К.Утесова, А.О.Романкулова, Л.Н.Патрахинаналар 6 сыныптар арасында интерграциялық «Дәмді кітап» сыныптан тыс  іс-шарасын өткізді. Оқушылар алдын ала ақын-жазушылардың шығармашылығымен танысып, өздері таңдаған жазушының еңбегінің (кітабының) мұқабасын безендіріп, өз білімдерін ортаға салды. Бұл іс-шара көркем еңбек пәнімен кіріктірілген,жоғары деңгейде өткізілді. А.Байтұрсыновтың, А.Құнанбаевтың, Ы.Алтынсариннің өлеңдерін мәнерлеп оқыды. Әз-Наурыз мерекесі қарсанында өтіліп жатқандықтан қазақтың салт-дәстүрі мен әдет-ғұрыптары да көрсетілді. «Балаға есім беру» тақырыбында сахналық қойылым қойылды. Семинардың қорытынды бөлімінде іс-шараны өткізген ұстаздар қалалық білім бөлімінің алғыс хатымен марапатталса,семинарға қатысқан жас мамандарға сертификат табысталды. Семинардың жалғасы мектеп ауласында мерекелік концертпен жалғасты. Қонақтар мектеп ауласында құрылған киіз үйдегі ұлттық тағамдардан дәм татып, шынайы жылы лебіздерін білдірді.