Кіру
AA+
г. Костанай, ул. Байтурсынова 67
8 (7142) 54-30-07
8 (7142) 54-99-54
Мы приняли ваш запрос и в скором времени обработаем его! К сожалению, мы не смогли отработать ваш запрос.
Задать вопрос
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Қостанай қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі
AA+

«Рухани жаңғыру- болашаққа бағдар» бағдарламасын іске асыру мақсатында 29 қазан  күні 4 - сынып оқушыларына арналған қалалық «АТАЖҰРТ»  этногеографиялық интеллектуалды конкурсы қашықтан өткізілді.

Конкурстың мақсаты - білім алушыларды Ғ. Қайырбековтың шығармашылығымен таныстыру және Елбасының  «Рухани жаңғыру – болашаққа бағдар»  бағдарламасы туралы түсінік беру, туған жер табиғатын, тарихын, байлығын оқып-білуге тәрбиелеу, зияткерлік-шығармашылық потенциалын дамыту.

Қалалық байқауға қаладағы қазақ және аралас мектептерден 11 мектеп командасы қатысты. Олар:№9ЖББМ, №10ЖББМ, №15ЖББМ, №17ЖББМ, №, №20 ЖББМ, №24 МГ, №27ЖББМ, № 28МГ, №29ЖББМ, №115ЖББМ, ЧНОМ.

 Конкурсқа №11ЖББМ, №18МГ қатысқан жоқ. Байқауды  жобаның авторы  Ергалиева Ментай Амановна жүргізді.

 Байқау төрт  кезеңді қамтыды. Бірінші кезең «Өткел», «Жерұйық» деп аталып, оқушылар ұлттық-салт дәстүр, ұлттық ойындар, мемлекеттік рәміздер, Қазақстанда өндірілетін пайдалы-қазбалар, Қазақстанда болып жатқан тарихи оқиғалар, жергілікті ақын-жазушылардың өмірі, шығармашылығы туралы сұрақтарға жауап берді.

Келесі кезеңдерде латын әліпбиін үйрену мақсатында оқу сауаттылығына мәтін беріліп мәтін бойынша сұрақтарға жауап беру ұсынылды. Соңғы кезеңде Ғ. Қайырбеков өлеңдеріне шолу жасалды.

       Әділ - қазылар  алқасы

Бектурганова Умсын Сулейменовна – Қостанай қаласы білім бөлімі эксперимент және талдау бөлімінің аға әдіскері

Иманкулов Ермек Аскарович – Қостанай қаласы білім бөлімінің «Рухани жаңғыру» әдіскері

Жумагулова Жанар Дуйсембаевна - Қостанай қаласы білім бөлімінің әдіскері.

Маженова Ляззат Төлендіқызы - Қазақстан Республикасы білім беру саласының үздігі, Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрінің Құрмет грамотасының иегері.

                   Бекбосынова Асия Хасановна -  Өмірзақ Сұлтанғазин атындағы Қостанай мемлекеттік педагогикалық университеті филология департаменті (қазақ тілі мен әдебиетінен мұғалімдер даярлау) білім бағдарламасының қауымдастырылған профессоры, филология ғылымдарының кандидаты келесі орындарды белгіледі:

               Бірінші орын: №9ЖББМ (жетекшілері  Макенова Б.Н., Сакаева Д.Е.)

                           №15ЖББМ (жетекшілері  Каршалова Э. Ғ. Исмагулова Г.Д..)

               Екінші орын: №10ЖББМ (жетекшілері  Осипова Б.К., Акмагамбетова Г.Е.)

                           №24МГ  (жетекшілері Ахметова Ш.Б., Жаксымбетова М.Б.)

                           №28МГ (жетекшілері Казиева Ұ.И., Темирбаева А.К.)

                Үшінші орын: №27ЖББМ (жетекшісі Жумасаева Б.С.)

                           №29ЖББМ (жетекшілері: Кожухова А.Б., Кашиева А.С.)

     Үздік нәтиже көрсеткен мектеп оқушылары қалалық білім бөлімінің мақтау   грамоталарымен, жетекшілері алғыс хаттармен марапатталды.

1m

1m   1m   1m   1m

1m   1m   1m   1m