«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында 2022 жылдың 20 сәуірі күні Қостанай қаласы №115 ЖББОМ базасында Ахмет Байтұрсыновтың 150 жылдығына арналған «Ұлттың ұлы ұстазы» атты қалалық семинар өтті.
Семинарды ұйымдастырушы – Қостанай қаласының білім бөлімі.
Семинарға қаланың білім беру ұйымдарының мұғалімдері қатысты.
Семинарда А. Байтұрсынов ҚМУ атындағы филология ғылымдарының докторы Алмасбек Әбсадық, тарих ғылымдарының кандидаты, қоғамдық-гуманитарлық ғылымдар кафедрасының профессоры Исмаилов Серікжан Сағындықұлы баяндама жасады.
Алмасбек Ә. семнарға қатысқандарға ҚМУ ұйымдастырған «А. Байтұрсынұлының ізімен: Орынбор кезеңі» атты ғылыми экспедициясының жұмыс сапары туралы баяндап, сирек кездесетін мұрағаттық тарихи құжаттарды да слайд арқылы көрсетті.
С. С. Исмаилов өз сөзінде Қарқаралы петициясының беймәлім жайттарын ашып, Қарқаралы петициясын құрастырудағы А. Байтұрсынұлының және басқа да алашордалықтардың рөлін атап көрсетті.
Сонымен қатар, ұлы ағартушы, ғалым, қоғам қайраткері А. Байтұрсынұлының өмірі мен шығармашылығынан сыр шертетін № 115 ЖББМ Л. Толстой атындағы ОҒӘК бірлесіп ұйымдастырған көрме семинарға қатысушылардың назарына ұсынылды.
Семинар барысында ұстаздар ғалымдарға өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, тұшымды жауап алды.