Кіру
AA+
г. Костанай, ул. Байтурсынова 67
8 (7142) 54-30-07
8 (7142) 54-99-54
Мы приняли ваш запрос и в скором времени обработаем его! К сожалению, мы не смогли отработать ваш запрос.
Задать вопрос
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Қостанай қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі
AA+

«Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің А.И.Никифоров атындағы көркемсурет мектебі» МКҚК-де «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында 20 қыркүйектен бастап Рухани келісім күніне арналған «Бейбітшілік пен келісімде» көрмеге суреттер қойылады.

Көрмеге ҚР Суретшілер одағының мүшесі, педагог Светлана Ивановна Шалунованың және көркемсурет мектебі оқушыларының 60 жұмысы қойылды. Көрменің негізгі тақырыбы-Қазақстанның этноәлемі, Отанымызда тұратын барлық халықтардың рухани байлығын сақтау.

Оқытушы С. И. Шалунова көрменің басты мәнін белдіреді. Ол халық қолөнерінің бастауына, атап айтқанда құрғақ киіз техникасына бет бұрды. Бұл көп қырлы және мәнерлі әдіс жұмысты станокты және сәндік форматта да көрсетуге мүмкіндік береді. Суретшінің 12 жұмысы - Отанымыздың жаны мен жылуын ашатын жанрлық және тақырыптық суреттер.

Оқушыларымыздың жұмыстары – тату өміріміздің қыр-сырларын бейнелейді. Оқушылардың жұмыстары түрлі техникада орындалған: май, акрил, гуашь, кинусайга, витраж, батик, киіз. Жұмыстардың сюжеттері балаларымыздың әлемді рухани көзқарастарының кеңдігі мен алуан түрлілігімен таң қалдырады. Драмалық сюжеттер мен сабырлы ойластырылған жұмыстар бір-бірін толықтырады. Адамның тағдыры, оның табиғатпен қарым-қатынасы туралы ой-пікірлер жас суретшілерге өз мұраттарын, өмір туралы ойларын, бейбітшілік пен келісім ісіндегі өнердің рөлі туралы үлкен жауапкершілікпен білдіруге мүмкіндік береді.
Көрме жұмысы 2021 жылғы 20-қазанына дейін жалғасады. Осы күзгі күндерінде, көрермендер жарқын түстерден ләззат алып шығармашылық шабыттың сәулелерінде рахат алып тамашалай алады.

1m   1m   1m

1m