Бүгін, 2021 жылдың 30 қарашасы күні, Қазақстанның екі маңызды мерекесі -Тұңғыш Президент күні және мемлекетіміздің Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Болашақтың инженерлері» атты робототехника бойынша жарысы өтті.
Инженерлік робототехника саласында білімі бар мамандар қазіргі уақытта үлкен сұранысқа ие. Осының арқасында робототехниканы қосымша білім беруге енгізу мәселесі өте өзекті.
Егер бала осы салаға кішкентай кезінен қызығушылық танытса, ол көптеген қызықты лүниелерді таба алады және ең бастысы, болашақта мамандық алу үшін қажет дағдыларды дамыта алады.
Сондықтан да, ҚТШМ базасында жыл сайын осы жарыс өткізіледі. Бұл жолы қызықты және тартымды робототехникамен әуестенетіндердің бәріне ұнайтын «Мини – сумо» номинациясы таңдалды,. Жарысқа физика-математикалық лицей, № 1 мектеп-лицей, № 14, 7, 9, 11, 23 мектептер сияқты оқу мекемелерін ұсынған техникалық шығармашылық мектебінің 10 тәрбиеленушісі қатысты.
Іс-шара аясында балалардың көрсетілімдері де өтті. Онда олар жарысқа арнайы құрастырылған роботтарды көрсетті. Көрсетілім барысында роботтардың адамдарға қалай қызмет көрсете алатындығы, қандай пайда әкелетіні туралы түсіндірулер қатар өрбіді.
Жарыстың төрешілері болып табылатын ҚТШМ «Робот техникасы» және «Бастапқы робот техникасы» үйірмелерінің жетекшілері - Оспанов Адлет Сабыржанович, Сулейменов Самат Нурланович іс-шараға қатысушыларға робот техникасы бойынша халықаралық және республикалық жарыстарға роботтарды қатысуға жібермес бұрын, олардың қалай өлшенетіні және бағаланатыны туралы егжей-тегжейлі айтып берді.
Ал жеңіс бірінші орын алған Резепов Максимге (ФМЛ) бұйырды. Екінші орында бірдей ұпай жинаған екі қатысушы: Русаков Александр (№14 мектеп) және Кусаев Арон (№1 МЛ). Балалар дипломдармен марапатталды.
Іс-шара аяқталғаннан кейін барлық қатысушылар керемет көңіл-күйде болды. Себебі, бүгін оларға өз идеяларын, робот техникасы саласындағы тәжірибесін көрсетуге, жағымды эмоциялар алуға мүмкіндік берілді!