Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс бойынша Қостанай қаласының білім бөлімі осы жылы «Sanaly Urpaq – 2050» қоғамдық қорымен бірлесіп «Экомектеп» (300 мың тнг) жобасын іске асырды.
Жобаның бастапқы кезеңінде балалар эко-сөмке және эко-бөтелкемен тәжірибелер жүргізді, содан кейін олардың көпшілігі пластик пакеттерді, пластик бөтелкелерді пайдалануды тоқтатты немесе азайтты.
2021 жылғы 27 қазанда жоба аясында қала мектептерінің оқушылары онлайн-форматта «Атамекен 4+» пластикалық өңдеу кәсіпорнына экскурсия жасады. Экскурсия барысында кәсіпорын директоры Иванов Максим Анатольевич балаларға пластик пен макулатураны өңдеудің барлық процестері туралы егжей-тегжейлі айтып берді. Балалар директордың қызықты әңгімесін естіп қана қоймай, онымен бірге кәсіпорынды аралай алды.
Экологиялық жобаның қорытындысы бойынша мектеп оқушыларының экологиялық құзыреттілігін қалыптастыру мақсатында қала мектептерінің оқушылары арасынан «Neco» экологиялық тобы құрылды, оның мақсаты қоршаған ортаны қорғау болып табылады.