Кіру
AA+
г. Костанай, ул. Байтурсынова 67
8 (7142) 54-30-07
8 (7142) 54-99-54
Мы приняли ваш запрос и в скором времени обработаем его! К сожалению, мы не смогли отработать ваш запрос.
Задать вопрос
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Қостанай қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі
AA+

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық  даму министрлігінің   бастамасымен  «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ағымдағы жылдың 27 қазан күні  қаламыздың білім кеңістігінде «Туған елің – Қазақстанды жақсы білесің бе?» атты республикалық байқаудың  қалалық кезеңі өтті.

Коронавирустық пандемияға орай шектеу шараларына байланысты балалар оқуының республикалық байқаудың  қалалық кезеңі онлайн режимінде  өтті. Оған қала мектептеріндегі  5-7 сыныптар арасынан  100-ден астам оқушылар  қатысты.

Байқау барысында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі ұсынылған «Сиқырлы жұлдыз», «Сиқырлы Атамекен елінің аңыздары», «Сиқырлы қазба таяқшасы», «Қазақстан еліне  сиқырлы саяхат»  атты кітаптардың  мазмұны   бойынша  30 тест сұрақтарына жауап беру ұсынылды.

Байқау қорытындысы бойынша қазылар алқасы жеңімпаздар мен жүлдегерлерді анықтады. Жүлдегерлерді  жарқын  жеңістерімен құттықтаймыз! Енді олар байқаудың облыстық кезеңінде  қала  намысын  қорғаулары   керек. Оларға  табыс  пен  жаңа жеңістер тілейміз!

1м  2м  3м