2023 жылғы 25 мамырда МГГ базасында 2022-2023 оқу жылының қорытынды аттестаттау бойынша орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдеріне арналған семинар өтті. Қостанай қаласының педагогтары «Орыс тілі» және «Орыс әдебиеті», «Орыс тілі мен әдебиеті» пәндерінің ерекшеліктеріне сәйкес ағымдағы жылғы емтихандарды өткізу жөніндегі нұсқаулықты пысықтады.