Отдел образования акимата города Костанай
Контактный телефон
54-30-07
Телефон доверия
39-08-50

С 19 по 23 февраля 2018 года в городе Астана прошел Республиканский семинар-тренинг «Рухани жаңғыру: путь в будущее». В состав делегации от Костанайской области вошли учащиеся средней школы №5, средней школы №9, средней школы №15, средней школы №20 и средней школы №23.

В рамках семинара учащиеся не только посетили Музей Первого Президента и Библиотеку Первого Президента, но и встречались с выдающимися деятелями науки. Состоялись встречи учащихся с Телебаевым Газизом Турысбековичем, доктором философских наук, профессором, Ордабек Ерденом Алмабекұлы, доктором PhD, Бердагуловой Сагинтай Кенесовной, кандидатом исторических наук, Исиновой Кунслу Сериковной, кандидатом педагогических наук, доцентом.

Впечатления Сейтхан Рахат, СШ №20, 9 класс, участника семинара:

Мен, Сеитқан Рахат, қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша Республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінің жеңімпазы атанып,   жеткен жетістігім үшін   Астана қаласында өткен семинар-конференцияға қатыстым. Осы конференция барысында бас қаламыз Астана қаласын араладық. Астана қаласындағы тұңғыш президент атындағы мемлекеттік кітапханасы мен   музейіне бардық. Осы саяхаттан мол әсер алдым. Кітап адам баласының сан ғасырлық ақыл – ойының жемісі, тарихы мен тағылымының алтын сандығы. Тұңғыш президентіміздің кітапханасын аралап, менің кітап оқуға деген қызығушылығым, өмірге деген құлшынысым одан әрі артып, алдыма мақсат қойып, сол мақсатқа жету үшін әлі де көп біліп үйренуім керектігін ұқтым.Кітапхананы аралау кезінде түсінгенім -елбасымыздың қазіргі уақыттағы жетістіктерінің барлығы оқу мен тынымсыз еңбек, талпыныс пен ынта - жігерліліктің нәтижесі.

         Одан әрі елбасымыздың музейін тамашаладық. Бұл мұражайда елбасымыздың алғаш президенттік тағын, тәуелсіздігіміздің нышаны көкпен таласып желбіреген көк туын, көзге тартымды елтаңбамызды, асқақтата шырқайтын әнұранымыздың түпнұсқаларын көргенде ,менің бойыма еліме деген мақтаныш сезімі ұялады. Басқа елдермен келіссөздер жүргізілетін   орындар мен келісім сарайларын да араладық. Саяхатымыз одан әрі тарихи музейді аралаумен жалғасып, өз елімнің тарихи кезеңдеріне шолу жасау арқылы халқымыздың тұрмыс - тіршілігінен бейнелі әсер алдым.Еліміздің тарихи ескерткіші «Алтын адам» киімін тамашаладым. Ұлтымыздың мәдени мұралары мен мақтанышы болып танылған бірқатар жәдігерлер мен әдеби ескерткіштерді көріп, ұлтымның терең тарихынан сусындадым.

         Ойымды қорытындылай келгенде , мен Қазақстан Республикасының азаматы екеніме қуанамын, қазақ деген атыммен мақтанамын, ана тілім қазақ тілімен сөйлейтінімді мақтан тұтамын!

1 2 3