Отдел образования акимата города Костанай
Контактный телефон
54-30-07
Телефон доверия
39-08-50

1999 жылы ЮНЕСКО 21 ақпан күнін Халықаралық ана тілі күні деп жария етті. Бұл күнді мерекелеу мақсаты: тілдің сан алуандығы мен көп тілділілік білім беруге жәрдем көрсету, сондай-ақ туған тілді оқу маңыздылығына  назар аудару.

Осы мерекеге орай қаламыздағы білім ұйымдарының оқушылары арасында танымдық ойындар, сайыстар, сынып, поэзия  сағаттары, әдеби кештер болып өтті. Оқушылар үш тілде мәнерлеп өлең оқудан жарысқа түсті. Тіл туралы өз ойларын ортаға салды. Бұл іс-шаралардың  жас ұрпақтың еліне, ұлтына, тілге деген сүйіспеншілікке тәрбиелеуде, тіл мәдениетін сақтай білуде тигізер септігі мол.