Отдел образования акимата города Костанай
Контактный телефон
54-30-07
Телефон доверия
39-08-50
  • Жұмыс орны: «Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің №5 «А» мектеп-гимназиясы» ММ
  • Еңбек өтілі: 19 жыл
  • Біліктілік санаты: жоғары
  • Білімі: жоғары, Қостанай мемлекеттік университеті
  • Әдістемелік тақырыбы: «Диалогтық оқыту арқылы бастауыш сынып оқушыларының тілін дамыту»

Майра Сапарбековна – шығармашылық тұрғыда терең ойлайтын, тәжірибесі мол педагог. Ол білімділігімен, құзыреттілігі және кәсіби шеберлігімен ерекшеленеді. Бұл педагог 7 модуль идеясын жүзеге асырып, жаңашыл қызметті белсенді жүзеге асыруда: оқу-тәрбие үрдісіне электрондық оқыту жүйесін енгізуде. Майра Сапарбековна 2015 жылдан бастап сертификатталған педагогтардың  «Ойдан тәжірибеге» атты шығармашылық зертханасының жетекшілік қызметін атқарады.

2012-2016 жылдар аралығында қалалық тамыздық конференцияларға, семинарға,озық тәжірибе мектебіне қатысып мастар - класстар көрсетуде.

2012 жылы "Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі ұйымдастырған "Мейірімді және адамгершіл болыңдар" сырттай қалалық байқауында 3 орын алып, мақтау грамотасына ие болды.

2012 жылы Қазақстан Республикасының Ғылым және білім Министрлігінің «Оқулық» республикалық ғылыми-практикалық орталығында электрондық оқулық баспасының экспертизасын өткізу үшін сараптамасына қатысып, №286 анықтамасы берілді.

2013 жылы «Қостанай Дарын» орталығы «Бастауыш сыныптарға арналған үздік «Бақылау-өлшеу материалдары банкі» облыстық конкурсының «Бастауыш сыныптар үшін бақылау-өлшеу материалдарын құрудағы педагогикалық шеберлігі» номинациясы бойынша марапатталды.

2013 жылы “Әріптер сыры» 1 сынып м ұғалімдеріне арналған көмекші құралына ISBN 978-601-7447-37-32014 нөмірі берілді.

2015 жылы «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамы ұйымдастырған «Bilim Media Group» Республикалық «Жаңашыл мұғалім» байқауына белсенді қатысқаны  үшін алғыс хатымен марапатталды.

2015 жылы «Өрлеу» біліктілік арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының филиалы Қостанай облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты деңгейлік бағдарлама орталығы ұйымдастырған «Оқытудың мақсаты-табысты сабақ» интернет конкурсына қатысқаны үшін сертификатқа ие болды.

2015 жылы u-s.кz  Республикалық ұстаздар сайтында «Копилка уроков-сайт для учителей » халықаралық интернет –жобасына  сабақ жоспарлары мен  авторлық материалдары жарық көріп, сертификаттар берілді.

2015 жылы «Математика әлемі» 2-4 сыныптарға арналған факультативтік курс бағдарламасына ISBN 978-601-303-435-5  нөмірі берілді.

2015 жылы «Қостанай дарыны» өңірлік ғылыми-практикалық орталығы ұйымдастырған  «Табысты сабақ» материалдар жинағында қысқа мерзімді сабақ жоспары жарияланып, ISBN 9965-522-56-1 нөмірі берілді.

2016 жылы «Инфоурок» халықаралық мұғалімдер сайтында мұғалімнің жеке сайтын ашып, сертификатқа ие болды.«Инфоурок» халықаралық мұғалімдер сайтына 15-ке жуық қысқа мерзімді жоспары, коучинг жоспарлары , презентациялары, әдістемелік авторлық материалдары жарияланып, сертификаттарға ие болды.

2016 жылы Республикалық «Даму біліктілікті арттыру орталығының» Білім беруді дамытудың өзекті мәселелері ғылыми, оқу-әдістемелік материалдар мен педагогикалық еңбектер жинағында мақаласы жарық көрді.

2016 жылы «Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі ұйымдастырған «Аттестатталушы педагогтың фестивалі» атты байқауына қатысып, 1 орынға ие болды.

Майра Сапарбековнаның оқушылары да түрлі деңгейдегі сайыстардың жеңімпаздары.

2012 жылы1-7 сынып оқушыларының арасында «Зерде» Республикалық зерттеу және ғылыми шығармашылық жобалардың қалалық кезеңінде 1 оқушысы 2 орынға ие болды.

2012 жылы «Қостанай дарыны» өңірлік ғылыми практикалық орталығы ұйымдастырған  «Қазақстан дамуының индустриалды- инновациялық табыс кепілі-болашақ ұрпақтың интеллектуалдық мүмкіндігі атты оқушылардың 1Аймақтық ғылыми-практакалық конференциясында» 1оқушысы 2 орынды иеленді.

2013 жылы «Ақбота» Республикалық интеллектуалды марафонына қатысып, 2 оқушысы 1 дәрежелі дипломымен және 2 оқушысы 2 дәрежелі дипломмен марапатталды.

2014 жылы Халықаралық «ПОНИ» турнирына қатысқаны үшін 1оқушысы диплом мен 1 оқушысы куәлікпен марапатталды.

2015 жылы «Қазақстанның индустриалды-инновациялық табысты дамуының кепілі болашақ ұрпақтың зияткерлік әулеті» Тобыл Еслямғалиұлы Даулетбаев атындағы ІҮ Аймақтық ғылыми-практикалық оқушылар конференциясында 1 оқушысы 1 орынға ие болды.

2016 жылы1-7 сынып оқушыларының арасында «Зерде» Республикалық зерттеу және ғылыми шығармашылық жобалардың қалалық кезеңінде 1 оқушысы 2 орынға ие болды.

2016 жылы облыстық «Қостанай дарыны» өңірлік ғылыми-практикалық орталығы мен «Synergy» ғылыми-білім орталығы ұйымдастырған «Пифогория» математикалық олимпиадасында 1 оқушысы 1 орынға,1оқушысы 2 орынға, 7 оқушысы 3 орынға ие болды.