Отдел образования акимата города Костанай
Контактный телефон
54-30-07
Телефон доверия
39-08-50
  • Жұмыс орны: «Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің №7 орта мектебі» ММ
  • Жұмыс өтілі: 21 жыл
  • Категориясы: жоғары
  • Білімі: жоғары
  • Әдістемелік тақырыбы: «Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында инновациялық технологияларды тиімді қолдану арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту»
  • Өзін-өзі жетілдіру тақырыбы: «Қазақ тілі мен әдебиет сабақтарында диалогтік оқыту әдісі арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту»

Мен мұғалім ретінде оқушыларға білім беру мен тәрбие берудегі жауапкершілікті мұғалім бойындағы ең басты қасиет деп түсінемін. Ұстаздар қауымы елдің ертеңгі тізгінін ұстайтын «Мәңгілік ел» идеясын жүзеге асыратын ұрпақ тәрбиелеуде үлкен жүкті арқалай отырып, қоғам алдындағы зор жауапкершілік жүктелгенін бүгінде нақты сезінген деп ойлаймын. Өзім де сол жауапкершілікті сезіне отырып, оқушыларға деген сүйіспеншілік, оларға қамқор болу, олардың жан дүниесін түсіну, оқушылармен дұрыс қарым-қатынас орнату, олардың әрқайсысына мән беріп, назарда ұстау мен үшін әдетке айналған. Мұғалім мамандығын өте жақсы көремін. Мұғалім болуды бала жасымнан армандадым, сондықтан мамандық таңдау мен үшін қиындық туғызған жоқ. Университетті аяқтап, мектеп жұмысына қызыға кірістім. Жұмысымда туындаған кез-келген сұрақтарға шығармашылықпен, ынталылықпен қараймын. Замануи мектептің мәселелерін де түсінуге тырысамын. Өз сабақтарымда жаңа технологиялар мен түрлі әдіс-тәсілдер қолданамын.Жұмыс барысында өз оқушыларыма аяушылық сезіммен қараймын, әрқашан мейірімді, төзімді болуға және оларға құрметпен қарауға тырысамын. Жылдар өткен сайын оқыту мен оқуда болып жатқан өзгерістермен бірге мұғалім мен оқушы арасындағы өзара қарым-қатынас пен әрекеттер өзгеріп тұрады, сондықтан бүгінгі мұғалімге қойылатын талап, жауапкершілік аса жоғары. Сол себепте мұғалімнің жеке бас қасиетінің негізгі мамандыққа тән мынадай іскерлік түрлері қалыптасуы қажет деген ойға келіп отырмыз: сабақтарда қолданылатын жаңашыл әдістемелерді анықтау іскерлігі; әр оқушының жеке басының қабілетін есепке алу іскерлігі; оқушылардың таным қабілетін, өздігінен білімін, іскерлігі мен дағдысын жетілдіру іскерлігі; жаңашыл әдістемелердің мүмкіндігін мақсаткерлікпен пайдалана білу іскерлігі. Мұғалімдердің ұстаздық қызметке тән іс-әрекеттің негізгі түрлерін (құрамды бөліктерін) жеке меңгере алмағандығын өмір көрсетіп отыр. Оған мыналар жатады: ұстаз қызметіндегі мақсат қоя білу ісі; білімнің мазмұнын игеру ісі; оқушылардың білім алуға деген мүмкіндіктері мен психологиялық ерекшеліктерін алдын ала (диагностикалау) ісі; сабақ өткізудің әдістемелік жағын ұйымдастыра білу ісі; оқушылармен жақсы қарым-қатынас жасай білу ісі; оқушыларды білімге ынталандыру, қызықтыру іс-әрекеті; оқушылардың білім дағдыларын бақылау және бағалау іс-әрекеті. Ал жеке тұғаны қалыптастыру - оны ғылым мен мәдениетке үйрету, білім, қарым-қатынас ережелерін, әлеуметтік гәжірибені меңгерту. Нақтылай түсетін болсақ, ана тілін ерекше қүрметтеп, жетік білетін, басқа тілде де жетік сөйлей алатын, дүниетанымы, ақыл-ой парасаттылығы калыптасқан, еңбекқор, мақсат қоя алатын және сол мақсатқа жету жолдарын таңдай білетін, жауапкершілігі мол, мінез-қүлқы, айналадағы адамдарға қарым-қатынас мәдениеті жоғары, Отанын сүйетін, саналы еңбек етіп, өз ойын дамыта алатын, күрделі жағдайларда нақты шешім қабылдай алатын, өзіне сын кезбен қарай алатын, салауатты тұлға. Бір сөзбен айтқанда, осыншама жақсы қасиеттерді болашақ ұрпақтарымыздың бойынан көрігіміз келсе, олардың табыстарына таңдай қаққымыз келсе ұстаз қауымы қара терімізді ағызып аянбай еңбек етуіміз қажет деп ойлаймын. Мұғалімдер қоғам, қоғамдастықтар, ата-аналар мен оқушылар алдында олардың  мектебі беретін білім сапасына ұжым болып жауап береді. Мен өзім жұмыс істеп жүрген мектебімді - өз үйімдей, өзім сабақ беретін оқушыларымды - өз балаларымдай, бірге қызметтес болып жүрген ұстаздарды жақсы көремін десем артық айтқаным емес. Жұмысыңды аңсап бару, қуанып қайту, өзіңнің не бітіргеніңді, енді не істейтініңді білу, бұл - мамандығын сүйген адамның ісі.

Менің ойымша, үлкен жетістіктерге жеткісі келетін мұғалім - бұл қай кезде де ең алдымен кәсіби деңгейі жоғары, интеллектуалдық, шығармашылық әлеуеті мол тұлға болуы керек. Ол оқытудың жаңа технологияларын әдіс-тәсілдерін өмірге ендіруге дайын, оқу-тәрбие ісіне шынайы жанашырлық танытатын қоғамнын ең озық бөлігінін бірі деп есептеймін. Мұғалімге тән ең бірінші қасиет - баланы құрметтеу.

Өз алдыма қойып отырған мақсатым - рухани бай, іздемпаз, адамгершілігі мол адамды қалыптастыру болып табылады.