Отдел образования акимата города Костанай
Контактный телефон
54-30-07
Телефон доверия
39-08-50
  • Жұмыс орны: «Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің М.Хәкімжанова атындағы № 20 орта мектебі» ММ
  • Жұмыс өтілі: 28 жыл
  • Категориясы: біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты химия пәнінің мұғалімі
  • Білімі: жоғары
  • Әдістемелік тақырыбым: «Оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыруда жаңа технологиялық әдістердің маңызы»

Ұстаз ізденгіш болуы, ойлай білуі,

қандай істі болсын, бар ынтасымен

атқара білуі керек

В. Маяковский.

Мен, Сарсенова Ардак Конакбаевна біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты химия пәнінің мұғалімі , еңбек өтілім - 28 жыл.  1988 жылы Алматы қаласындағы Қазақ Мемлекеттік Университетінің химия факультетін бітіріп, сол жылдан бастап, Торғай қазақ орта мектебінде 11 жыл жұмыс жасадым. 2000 жылдан бастап Қостанай қаласындағы М. Хәкімжанова атындағы № 20 орта мектебінде химия пәнінің мұғалімі болып жұмыс жасап келемін. Сол уақыттан бастап химия пәнін беріп, ұстаздық етіп келемін.

Мұғалім үнемі қозғалыста, қиындығы мол, қызықты мамандық. Мен өз еңбек жолымда өзім үшін түйгенім, тек үнемі ізденіс, заман ағымына, алдымдағы шәкірттерімнің сұранысына сай болу. Алдымда отырған қаншама шәкірттің алдында менің жауапкершілігім зор. Мен олардың болашағы үшін жауаптымын, сондықтан, мына жаңа ғасыр балаларының алдында өзімнің ҰСТАЗ атыма кір түсірмес үшін, мен үнемі ізденісте болуға міндеттімін. Сондықтан менің өзіме қояр талабым, алдыма қойған мақсатым жоғары болуы тиіс, өйткені сол жарқыраған шамшырақты дер кезінде байқап, дер кезінде жаға білу – менің ұстаздық парызым.Елбасымыз: «Келер ұрпақ алдында зор жауапкершілік тұр, оны арқалап жүрген – ұстаздар. Себебі еліміздің болашағы көркейіп, өркениетті елдер қатарына қосылуы бүгінгі ұрпақ бейнесімен өлшенеді», -деген еді. Олай болса, өркениет өзегі – білім, ғылым, тәрбие десек, бұл мәселеге де өз үлесімді қосуым керек деп ойлаймын.Қазіргі таңда мектеп табалдырығын аттаған әрбір бүлдіршін – ол ертеңгі қоғам мүшесі, болашақ иесі. Ұстаз да диқан сияқты. Ол әр адамның жанына білім дәнін себеді. Әр шәкіртін аялап өсіріп, өмір атты шексіз ғаламға қанатын талмайтын етіп қатайтып ұшырады. Дәлірек айтсақ, адамды өмір сүре білуге тәрбиелейді. Сол үшін бойындағы асыл қасиеттерін шәкірттеріне сіңіріп, тер төгеді.Мен – өз жасыма қарамастан заман ағысына сай біліммен қаруланған, ой-өрісім жоғары, үздіксіз ізденісте жүрген, жан-жақты дамып, қалыптасып келе жатқан қатардағы жаңашыл мұғаліммін. Заман ағымына іесу менің негізгі ұстанымым. Заман талабына сай оқушыларға сапалы, тиянақты білім беру-мұғалімдер алдындағы үлкен міндет.Бұл әрбір мұғалімге тынымсыз  ізденісті,оқытудың жаңа формасымен, әдіс тәсілдерін тиімді пайдалануды қажет етеді. Оқытудың осындай жаңа педагогикалық технологияларын сабаққа енгізу бүгінгі таңда әрбір ұстаздың басты мақсаты болуы керек. Себебі, елімізге заман талабына сай ойлай алатын, шұғыл шешімдер қабылдай білетін, белсенді, шығармашыл азаматтар қажет. Сабақта тек білімділік мақсаттарды шешіп қоймай, балалардың жекелік қасиеттерін, қабілеттерін дамытудың жолдарын қарастыруда дәстүрлі оқыту мен дамыта оқытудың айырмашылығын салыстыру кестесі арқылы көрсетуге болады. Мұғалім бұл жүйемен жұмыс жасағанда, үнемі оқушы санасында болып жатқан өзгерістерді бақылап, оның дамуын жан-жақты зерттей отырып, өз сабақтарын соған сай өзгертіп отыруы тиіс. Әйтпесе, жаңа жүйенің еш құны болмайды, мұғалім еңбегі зая кетеді. «Ұстаз шәкіртке күн болып көрініп, нұр болып төгілуі керек»- демекші, жаңа ғасыр мұғалімінің бойында сергектік, байқағыштық, сезімталдық, әділдік, байсалдылық, ұстамдылық, сабыр сақтау сияқты қасиеттер тоғыса келе, олар мейірімділік атты ұлы ұғыммен ұштасып жатса ғана біздің еңбегіміз өз мәресіне жетіп, «Ұлы ұстаз» деген ардақты атаудың шын иегері болатынымызға кәміл сенемін. Менің ойымша жаңа заман мұғалімі шебер, шығармашыл, ой өрісі кең, білімді, мәдениетті болу керек. Демек мен өз бойымдағы барлық жақсы қасиеттерімді оқушыларға білім беру мен тәрбиелеуде үйлестіре отырып, мінсіз оқушы шығаруым керек. Өз ойларын еркін жеткізе алатын, білімді, алған білімдерін өмірде қолдана алатын оқушыларды жетілдіру менің қолымда. Барлық мұғалімнің қолында.Ол үшін еңбек етуге дайынмын. Осы мақсаттарыма жету үшін ары қарай жұмыс істеу, шебер мұғалім болу тек қана өзіме байланысты. Сол себепті көп жұмыс істеуім керек. Әрине, ұстаз жүгі – ауыр жүк. Ұстаздардың әсерлі үнмен, асықпай мәнерлеп сөйлеген сөзінен әрбір оқушыға деген қамқорлықтың, аналық, әкелік сезімнің дана ойдың ыстық лебі есіп тұрғандай. Иә, адамның жан дүниесін түсініп, ренжітпей, қателігін сездіре білу-бұл нағыз шеберлік емес пе?!