Отдел образования акимата города Костанай
Контактный телефон
54-30-07
Телефон доверия
39-08-50
  • Жұмыс орны: «Қостанай қаласы әкімдігінің білім беру бөлімінің №17 орта   мектебі»ММ
  • Жұмыс өтілі: 13 жыл.
  • Категориясы: бірінші
  • Білімі: жоғары
  • Әдістемелік тақырыбы: «Оқудың ақпаратты технологиялары арқылы оқушылардың шығармашылық шамаларын белсендіру және географиялық білім сапасын арттыру»

Мұғалім мамандығын таңдап еңбек етіп келе жатқаныма 13 жыл болыпты. Қйыны мен жеңілі, қызығы мен қуанышы мол болған еңбек жолындағы педагогикалық ұстанымым – үнемі жаңалыққа ұмтылып, алдыңғы қатардан көріну және әр оқушының бойынан жақсылық тауып, бұлақтың көзін ашу арқылы биік мақсаттарға жетелеу. Жақсы ұстаз – бұл қай кезде де ең алдымен кәсіби деңгейі жоғары, интеллектуалдық, шығармашылық әлеуеті мол тұлға. Ол оқытудың жаңа технологияларын өмірге ендіруге дайын, оқу-тәрбие ісіне шынайы жанашырлық танытатын қоғамның ең озық бөлігінің бірі деп есептеймін. Бұл жемісті міндетті орындау үшін, оқушының пәнге деген қызығушылығын арттыру үшін оқытудың көптеген жаңа әдіс-тәсілдерін алып, өз іс-тәжірибемде ұтымды пайдалана білуге тырысамын. «Оқудың ақпаратты технологиялары арқылы оқушылардың шығармашылық шамаларын белсендіру және географиялық білім сапасын арттыру» атты әдістемелік-шығармашылық тақырыппен жұмыс жасау барысында 8 сыныптың география курсына арналған «Табиғатты қорғау негіздері» және 7 сыныпқа әр тарауға байланысты оқушылардың өз бетінше жұмыс жасау қабілетін дамытуға, жетілдіруге бағытталған «Тарихқа тұнған туған өлкем», «7 сынып үшін оқушының жеке жұмыс істеуіне, география пән мұғалімдеріне арналған электронды оқулық» география пән мұғалімдерімен бірігіп құрастырылды.

Құзіреттілік түріндегі білім беру жағдайында мұғалімнің рөлі білім берушіден оқушыларды білім алуға үйретуге ауысады.Сол себепті мұғалім оқу үрдісін ұйымдастыруда оқушылардың өз бетінше жұмыс жасау қабілетін дамыту, жетілдіру және қалыптастыруға көңіл бөлген жөн.